Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ӘДІСТЕРІ КӨРСЕТІЛДІ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ӘДІСТЕРІ КӨРСЕТІЛДІ

Арал аудандық білім бөліміне қарасты психологиялық - педагогикалық түзету кабинетінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балалармен "Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамытылуының маңыздылығы" тақырыбындағы аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық қабілеттерін түзету, дамыту, жұмыстарын жетілдіру және психо-физиологиялық жағдайын тереңдете отырып, нәтижесімен таныстыру.
Семинарға аудандағы әлеуметтік қызметкерлер,дефектологтар және балабақша логопедтері қатысты.2018 жылдың 30 наурыз күні өткізілген "Үздік түзету сабағы" атты бауқаудың нәтижесі есебінде бейнетүсірілімде сабақ көрсетіліп, ортаға салынды. Семинар барысында кабинет маманы педагог-психолог Д.Бисенбаева балалармен "Сиқырлы ел тұрғындары" атты ашық сабағын көрсетіп,іс-тәжірибесімен бөлісті.Сабақ барысында балаларға сиқырланған елге барып сандар мен әріптерді табу ұсынылды және әріптерден сөздер құралды. Сабаққа балалар қызығушылықпен қатысып, сұрақтарға жауап қайтарып отырды. Сонымен қатар, "Үздік түзету сабағы " байқауының бас жүлде иесі мекеме маманы логопед Н.Еңсепованың және 1 орын иегері олигофренопедагог маманы Б.Аширбекованың бейнетүсірілім сабағы көрсетілді. Сабақта пайдаланған әдістерін айтып түсіндіріп, әрбір бөлімге тоқталып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Бейнетүсірілімге қатысқан оқушылардың жас ерекшеліктерін және диагноздары ескеріліп, толық ақпарат берілді.
Семинар барысында әлеуметтік қызметкерлер өз ойларында жүрген сұрақтарын қоя отырып,қызықтырған мәліметтерді алып отырды.
24 сәуір 2018 ж. 3 013 0