Жас өнерпаздар жарады

Жыл сайын өтетін дәстүрлі фестивальге жеке кәсіпкер Жамбыл Қараев, Ардақ Төлебаевпен қатар, «Жанұя», «Арзан» сауда орталықтары демеушілік жасады. Балалардың өнерге деген қызығушылықтары артып, талпыныстары оянды. Додада бақ сынасқан әрбір талант иелері үздік деп танылып, Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Жанар Ибраимова өмірдің қиындықтарына мойымай, мұндай талантты балаларды тәрбиелеп өсірген ата-аналарға алғысын жеткізді.
Балалардың қоғаммен етене байланысуы олардың тезірек сауығып кетуіне себепші. Сондықтан, мұндай балалар ешқашан оқшауланбауы тиіс. Оларға қолдау көрсетіп, өмірге деген құштарлығын арттыру – біздің міндетіміз.
Балауса Төребай