Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі мәдениет саласы қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі мәдениет саласы қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Мәдениет – ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой, парасаты.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады», - деп атап өтіп, «Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті – қазақ мәдениеті» деген еді.
Ал халық даналығы «Өнер – ұлттың жаны», - дейді. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.
Ұлттық мәдениеттің бір бөлігі, Арал өлкесі – қасиетті өнердің киелі бесігі, дарынды тұлғалардың мекені.
Ауданымыздың мәдениет саласының қызметкерлері елдігімізді, ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны – ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз болып табылады.
Құрметті мәдениет, өнер саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Бүгінгі ерекше мереке күні мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз.
Еліміздің өркендеп-өсуіне, мәдениет биігіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, халықты тамаша өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер!
Бүгінгі күн – Тәуелсіз Қазақстанның, Мәңгілік Елдің келешегін кемел, болашағын жарқын ететін, ұлттық бірегейлігімізді танытуға үлес қосатын жақсы күн болсын дегім келеді. Сіздердей зиялы қауым, өнер адамдарын құрметтей отырып, біз жастарды тәрбиелейміз.
Баршаларыңызға шығармашылық жолда толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өнердегі жұлдыздарыңыз жарық болсын демекпін!
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі М.Оразбаев
21 мамыр 2018 ж. 11 146 0