Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылжымалы кешен жолдауды нәсихаттады

Жылжымалы кешен жолдауды нәсихаттады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы жарияланғаны баршамызға мәлім. Заман көшіне ілесе отырып, жетістікке жетуді міндеттейтін “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты бұл Жолдауда көрсетілген міндеттерді елге кең көлемде нәсихаттау жүйелі түрде қолға алынуда.
Арал аудандық мәдениет үйі жанындағы №1 «Ақжелкен» және №2 «Асыл мұра» мәдени жылжымалы демалыс кешендері концерттік бағдарлама дайындап, ауданымыздағы мәдениет ошақтары, клуб үйлері жоқ елді – мекендерде болып қайтты.
Арнайы құрылған насихаттаушы топ мүшелеріне деген тұрғындардың ыстық ықыласы тіпті ақпанның азынаған аязында ұмыттырып жібергендей әсер қалдырды. Жүректен жол тапқан жаңа Жолдауды көпке үндеп, барша қазақ елі болып жүзеге асыру үшін аудандық мәдениет саласының қызметкерлері жиналған халық алдында Жолдауға шолу жасап, түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізді. Сонымен қатар, кітап көрмелері арқылы ұлт көшбасшысының сарабдал саясаты мен ел дамуының белестері таныстырылды.
Одан әрі ауыл азаматтары насихатшы топтың концерттік бағдарламаларына куә болды. Ұлттық аспаптар ұлттың үнін көкке қалықтатып, Мәуегүл Каленова, Қарлығаш Аманова, Амангелді Сарсенбаев, Еркебұлан Шынжанов, Ерімбет Орынбасаровтер баянмен қосыла ән шырқап, өнерімен тәнті етті.
Қарттар Қазақстан билігінің жұмысына оң бағаларын беріп, болашақта тәуелсіздігі мәңгілік қазақ елінің болашағы нұрлы боларына сенім білдірді. Нәсихаттық топқа баталарын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Оңталап ЖОЛДАСОВ.
20 ақпан 2018 ж. 1 092 0