Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүйсенбіде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Дүйсенбіде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ертең, 16 ақпанда 17 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Қостанайда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қонаевта түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уқытта екпіні 18 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ: 16 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Атырауда тұман күтіледі. Түнде және таңертең көктайғақ.

Жамбыл облысында оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жезқазғанда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Қарағандыда күннің екінші жартысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Астанада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батыс жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Павлодарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман күтіледі. Жел батыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Оралда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман күтіледі. Жел батыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Фото: Нұрболат Нұржаубай 
15 ақпан 2026 ж. 80 0