Бұрқасын, көктайғақ: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
28 желтоқсанда еліміздің 14 өңірінде және Астана мен Шымкент қалаларында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Атырау облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Атырау қ.: 28 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Орал қ.: 28 желтоқсанда көктайғақ, тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 28 желтоқсанда таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 28 желтоқсанда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында күндіз оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 28 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 28 желтоқсанда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 28 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жолдардағы көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 28 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде қар, бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында 28 желтоқсанда түнде бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Сурет ашық дереккөзден алынды