Қоғамдық көліктер қарқынды қызмет атқаруда
Қазіргі таңда, күнделікті қалаішілік жолаушылар тасымалын 280-285 дана автобус жүзеге асыруда. Қоғамдық көліктердің бағыттардағы қатынау интервалы жобамен 12-15 минутты құрайды. Серіктестіктің стратегиялық жоспарына - «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС қалаішілік жолаушылар тасымалының барлық бағыттарын қамтып келеді.
Облыс орталығында халық санының өсуі қоғамдық көлікке деген сұранысты жыл сайын арттыруда. Өздеріңізге белгілі, облыс әкімінің қолдауымен 2022-2024 жылдары Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесін түбегейлі шешу үшін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы табиғи газбен жүретін «Yutong ZK6852 HG» маркалы 300 дана автобус алынып халық игілігіне пайдалануға берілді.
2020 жылы «Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электрондық билет жүйесін орнату» жобасы жүзеге асырылды. Жобаны «AlemPay» ЖШС-і жеке инвестициясы арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске қосты.
Қазіргі таңда, Автопарк теңгеріміндегі барлық автобустарда электронды билет жүйесінің стационарлық валидаторлары мен терминалдары орнатылған. Бүгінде, жолаушылар Кaspi.kz, Halykbank банк қосымшалары, Beeline, Activ, Kcell Altel, Tele2 ұялы байланыс операторларының қосымшалары, SMSBUS қосымшасы, «AlemPay» төлем карталары, сондай-ақ банк төлем карталары немесе SMS арқылы төлем жасай алады.
2026 жылдың қаңтар айының қорытындысымен барлығы 2 436 689 төлем жасалынса, оның 2 414 357 төлемі, яғни 99% электрондық төлем жүйесі арқылы жасалынған.
Осы ретте, 2020 жылы 55 740 электрондық төлем жасалынса, 2021 жылы – 2 480 478, 2022 жылы – 3 534 221, 2023 жылы – 14 876 169, 2024 жылы - 29 471 424, 2025 жылы – 32 059 146 электрондық төлем жасалынған.
Бүгінде Серіктестіктің барлық қалаішілік бағыттарда жолаушыларды тасымалдайтын автобустары 2GIS, Яндекс GO және Яндекс Карта ұялы қосымшасына тіркелген. Өз кезегінде қызылордалықтар мен қала қонақтары баратын жерлеріне қосымша арқылы қай бағыт қай уақытта жүретінің көру мүмкіндігі жасалған.
Барлық қоғамдық көліктерде «автоинформатор» орнатылып, автоматты түрде аялдамаларды хабарлау қызметі жұмыс жасауда.
Аталмыш жүйе арқылы жолаушыларға автоматты түрде аялдама атауларын, жолаушыларға қалта ұрлығынан сақ болуын, жол жүру билетін талап ету қажеттігін хабарланып отырылады. Арнайы навигация жүйесі ескертулерді толығымен автоматтандыруға мүмкіндік береді, яғни жүргізуші көлік жүргізу барысында алаңдамайтын болады.










