Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол қозғалысына шектеу қойылды

Жол қозғалысына шектеу қойылды

Kyzylorda-news.kz  2026 жылғы 25 ақпанда сағат 10:00-ден бастап Қызылорда облысы аумағында ауа райының нашарлауына (қар аралас жаңбыр, ауа температурасының төмендеуі) байланысты республикалық маңызы бар KAZ 06 «Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент» автомобиль жолы (Ақтөбе облысы шекарасынан Бәйгеқұм ауылына дейінгі аралығы) барлық автокөлік түрлері үшін уақытша жабылды.
Жол қозғалысына енгізілген шектеу ауа райы тұрақталғанға дейін сақталады.
Азаматтарды алыс жолға шықпауға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз, деп хабарлады полиция департаменті.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
25 ақпан 2026 ж. 95 0