Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің екі аймағында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Еліміздің екі аймағында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Ақтөбе және Қызылорда облыстарында тасжолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2025 жылғы 07 желтоқсан сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 1474-1806 шақырым аралығындағы учаскесінде (Әйтеке би ауылынан Қызылорда қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 2025 жылы 08 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Ал 2025 жылғы 7 желтоқсан сағат 17:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 776-965 шақырым аралығындағы учаскесінде (Экойл жанармай стансасы - Қарабұтақ ауылы) жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады. 
Жолды 2025 жылғы 7 желтоқсан сағат 23:00-де ашу жоспарланған.
08 желтоқсан 2025 ж. 257 0