Үш учаскеде жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды

Ақтөбе облысында «Ақтөбе-Орск» автожолының Ш. Қалдаяқов ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралығында және «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» тасжолының Сарыжар ауылынан «Лидер» ЖМҚС аралығында жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды.
Қостанай облысында көліктің барлық түрі үшін «Екатеринбург-Алматы»тасжолының Сарыкөл кентінен СҚО шекарасына дейінгі аралығы ашық.