Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райына байланысты Аралдан Ақтөбеге дейінгі жолдар жабылды

Ауа райына байланысты Аралдан Ақтөбеге дейінгі жолдар жабылды

Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты еліміздің төрт өңірінде күре жолдар жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда облыстарында боран мен қалың қар салдарынан тасжолдағы көріну нашарлап бірқатар жол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Жол қызметтері барлық учаскелерде күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Мәселен, 31 желтоқсаннан бастап республикалық маңыздағы тасжолдар 2 мың м3 көктайғаққа қарсы арнайы қоспамен өңделді», делінген хабарламада.

Автокөліктің барлық түрі үшін күре жолдардың келесі учаскелері жабық тұр:

Ақмола облысында қозғалыс «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолының Қостанай облысының шекарасынан Сурған кентіне дейін шектелді.

Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» күре жолының Белогорка кентінен Қызылорда облысының шекарасына дейінгі аралығы жабылды. Сондай-ақ, «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай» трассасының Қарабұтақ кентінен Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы жабық тұр.

Қостанай облысында «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай»; «Денисовка-Жетіқара-Мықтыкөл»; "Қостанай-Әулиекөл-Сурған" тасжолдарының учаскелері жабылды.

Қызылорда облысында «Самара-Шымкент» автожолының Ақтөбе облысынан Арал қаласына дейінгі аралығында қозғалысқа шектеу енгізілді.
03 қаңтар 2023 ж. 556 0