Арал қаласынан Ақтөбе облысына дейінгі автожол жабылды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Арал қаласы мен Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі автожол жабылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 27 ақпан, сағат 12.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автожолының 1356-1240 шақырым аралығы (Арал қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) барлық көлік құралдары үшін жабылды.