Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы төмендейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 ақпан күні метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 10 қаласында ауа сапасы төмендейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ақтөбе, Қостанай, Ақсай, Орал, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Тараз және Шымкент қалаларында метеожағдайлар ластаушы заттардың атмосферада ыдырауына ықпал етеді. Ал Ақтау, Жаңаөзен, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Талдықорған және Өскемен қалаларында керісінше, ластаушы заттардың жинақталатыны күтілуде. Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап, Қазгидрометтің сайтында жақын күндерге арналған жайсыз метеорологиялық жағдайлар (ЖМЖ) туралы мәліметтер жарияланады. ЖМЖ атмосфераның жер бетіндегі қыртысында лас заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ЖМЖ болған жағдайларда елді мекендердегі ауа сапасы төмендеуі ықтимал. Ауаның ластану деңгейін анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайға жасалатын болжам (жел, жауын-шашын, қар, ылғалдылық, ауа температурасы) болып табылады.
inform.kz
inform.kz