Еліміздің 3 өңірінде жол жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 3 өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.Ақтөбе облысындағы Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі тасжол бөлігі көліктің барлық түрі үшін жабық. 
Сондай-ақ «Қарабұтақ-Денисовка-Қостанай» тасжолының Ақтөбе облысымен шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі аралықта көлік қатынасы тоқтады. 
Сонымен қатар Қарағанды облысындағы «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі учаскеде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.
		





		
		



