Үш облыста жол жабылды
ИИДМ баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жол жабылғанын хабарлады.Күн райының бұзылуына байланысты қозғалысқа шектеу келесідей республикалық жолдарда енгізілді:
Ақтөбе облысында:
жүк және қоғамдық көліктер үшін:
1.«Самара-Шымкент» автожолының 526-710-шақырымында, атап айтқанда БҚО шекарасы мен Құршасай ауылының аралығындағы учаскеде.
Автокөліктің барлық түрі үшін:
2. «Қандыағаш-Эмба-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-257-шақырымында, атап айтқанда Қандыағаш пен Шалқар қалаларының аралығындағы учаскеде.
3. «Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» автожолының 100-180-шақырымында, атап айтқанда Қандыағаш қаласы мен Шұбарқұдық ауылының аралығындағы учаскеде.
4. «Ақтөбе-РФ шек.» автожолының 39-136-шақырымында, атап айтқанда Ш.Қалдаяқов ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаскеде.
5. «Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолының» 0-39-шақырымындағы учаскеде.
6. «Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» автожолының 180-250-шақырымында, атап айтқанда, Шұбарқұдық және Қарауылкелді ауылдарының аралығындағы учаскеде.
7. «Самара-Шымкент» автожолының 776-1153-шақырымында, атап айтқанда Белогорка ауылы мен КЭШИ айырығы аралығындағы учаскеде.
Батыс Қазақстан облысында:
Жүк және қоғамдық көліктер үшін:
«Самара-Шымкент» автожолының 394-526-шақырымында, атап айтқанда Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы учаскеде қозғалысқа шектеу енгізілді.
Алматы облысында:
2021 жылғы 19 наурызда сағат 09.00-де Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасы, жолдың көрінбеуі) «Үшарал-Достық» автожолының 83-184-шақырымында, атап айтқанда Көктума ст.-Достық ст. аумағында көліктің барлық түрінің жүруіне шектеу қойылды.
baq.kz