Елімізде бірқатар өңірде жол қайта ашылды

«Омбы-Майқапшағай» тас жолының 587-733 шақырымы, яғни Павлодар облысының шекарасы мен Семей қаласы аралығындағы учаске сағат 10:00-дe ашылды.
«Жезқазған-Петропавл» тас жолының 252-340 шақырымы, яғни Қарағанды облысының шекарасы мен Арқалық қаласы аралығындағы учаске сағат 09:30-да ашылды.
«Самара-Шымкент» күре жолының 776-965 шақырымы, «Өлке ауылы – Қарабұтақ кенті» учаскесі; «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тас жолының 92-257 шақырымы, яғни Ембі қаласы мен Шалқар қаласы аралығындағы учаске сағат 09:30-да ашылды.
inform.kz