Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Әке-шешеммен тұрамыз»: Жазира Байырбекованың ұлы бөлек шықпайтынын айтты

«Әке-шешеммен тұрамыз»: Жазира Байырбекованың ұлы бөлек шықпайтынын айтты

Танымал әнші Жазира Байырбекованың ұлы Қазыбек сүйіктісі Асылы екеуінің қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, қалыңдығы шетелде білім алған. Сол себепті Қазыбек онымен танысу үшін арнайы шетелге барған.

«Асылы шетелде оқиды. Танысу үшін шетелге бару керек болды. Сол жақтан танысып, сөйлесіп кеттік. Оқуды осы Қазақстанда жалғастыратын болды. Отбасымызбен бірге тұрамыз, ешқандай бөлек шығу, шетелге кету деген ойда жоқ», – деді ол.

Сондай-ақ, Асылы болашақ жарының бойындағы қасиеттер туралы да пікір білдірді.

«Сабырлы, өте қамқор. Сол қасиеттері ұнайды», – деді ол.

Фото: Әлеуметтік желіден
19 наурыз 2026 ж. 55 0