Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатып, оңбай сөз естіді

Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатып, оңбай сөз естіді

Фото: видеодан скрин
Әнші Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатып, жаңа шаңырағына алып келгенін жазды, деп хабарлайды Politico.kz.
Байырбекова келінін құдағиының өтініші бойынша ұзатқан екен.
«Аллаға шүкір, бүгін келінімізді аман-есен шаңырағымызға түсірдік. Құдағиым Лиза «келінді өзіңіз ән айтып алып кетсеңіз» деп өтінген соң, соны орындадым. Баршаңызға жылы тілектеріңіз үшін рахмет», – деп жазды әнші.Әншінің бұл жазбасына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.
«Енесі өзі ұзатып алғанды бірінші рет көріп тұрмын», «Қазақстандағы енесі ән айтып ұзатып алып кеткен 1 ші келін», «Енесі келінін ұзатып шығарғаны бұл қай жақтың салт дәстүрі?» «Естімеген елде көп деген осы екен ғой», «Енесі ұзатып жатыр ма ? Ерсі екен», «Дұрыс емес, басқа адам жоқ па, қазақтың салтын бұзып» деген пікірлер жазылған.

Фото: видеодан скрин
syrboyi.kz
25 наурыз 2026 ж. 160 0