Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Шенеуніктің қолын алып қалуға тырысқан емеспіз": Жазира Байырбекова өзі үшін тыңдармандардың бәрі тең екенін айтты

"Шенеуніктің қолын алып қалуға тырысқан емеспіз": Жазира Байырбекова өзі үшін тыңдармандардың бәрі тең екенін айтты

Жазира Байырбекова өзі үшін тыңдармандардың бәрі тең екенін айтып, елдегі жағдайға көзқарасын білдірді

Елдегі саяси ахуалға байланысты Жазира Байырбековаға қойылатын сұрақтар көбейген. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, толассыз түсіп жатқан сұрақтарға жауап берді. Жазира Байырбекова ешкімге бағынышты емес екенін айтып, жай ғана әнін айтып жүрген қарапайым халықтың адамы екенін жеткізді.
"Кімге дауыс бересіз? Деген сұрақтар көп қойылып жатыр. Мен шенеуніктердің алдарында ән айтып жүрген шығармын. Бірақ,тыңдармандардың бәрін бірдей көремін. Шенеуніктер мен өнер адамдары бір жерде деп ойлайтындарыңыз бекер. Үйсіз, жұмыссыз жүрген күндерде де ешкімнің алдына барып жер, үй, пәтер, көлік т.б сұраған емеспіз. Оларға жақындауға, бір дастарxанда отыруға, қолын алып қалуға тырысқан емеспіз. Болмысымыз солай", - деп жазды Жазира Байырбекова.
Әрменқарай сайлауда ұлы мен күйеуінің шешіміне сүйеніп, сол кісілердің таңдаған адамына дауыс беретінін айтты. Жазира Байырбекова саясаттан білімі жоқ екенін жеткізіп, қазақ қоғамындағы әйел адамның орнын айқындай түсті.
"Енді сұрақтарыңызға жауап беру де оңай болмай тұр. Біз де "Елдің болашағы ары қарай қалай болар екен" деп сіздердей алаңдаулымыз. Дәл өзіме келер болсам мен-жәй ғана әншімін, әйелмін, анамын, қызбын, келінмін! Саясатта білімім керемет деп айта алмаймын. Енді, ұлым мен күйеуім кімге дауыс берсе мен оларға сенім артамын!" - дейді өнер иесі.
http://stan.kz
06 маусым 2019 ж. 1 652 0