Сырдария көпіріндегі су деңгейі төмендеді
Республикалық тас жолдың KZ13-01 учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін көпірдегі жағдай бақылауда, деп хабарлайды BAQ.KZ OTYRAR сайтына сілтеме жасап."ҚазАвтоЖол" компаниясы Түркістан облыстық филиалының мамандары бұрын су тасқыны қаупі болған 130-шы шақырымдағы жол учаскесіне әуеден бақылау жүргізді.
Тексеру нәтижесінде су деңгейінің төмендегені анықталды.
Жағдайды бақылау және қажетті қауіпсіздік шаралары жалғасуда.
Фото: baq.kz










