Мереке күндері қауіпсіздік бақылауда

Осыған сәйкес Төтенше жағдайлар департаментімен бірқатар жұмыстар атқарылды. Қала, аудандарда қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылып, тиісті сала мамандарымен тәуліктік кезекшіліктер ұйымдастырылды және Сырдария өзенінің арнасын реттеу және бақылау жұмыстарын жүргізіліп, сең жүру процесі сәтті аяқталды. Бұл туралы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев пен Қызылорда облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Рауан Әлдешов баяндап берді.
- Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су басу қаупі бар елді мекендердегі 23 мыңға жуық тұрғынға төтенше жағдайлардың және оның салдарының алдын алу бағытында 10 мыңға жуық үнпарақтар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ықтимал су тасқыны кезеңінде халықты көшіру пункттері 61 эвакуациялық жинақтау және 71 эвакуациялық қабылдау пункті дайындыққа келтірілген. Бұдан бөлек, Сырдария өзенінің жағдайын бақылау мақсатында 7 рет әуеден мониторинг жасалды. Қысқы-көктемгі кезеңдерде 22 орналастыру пункті және 13 учаскеде жылыту пункті жұмыс жасауда. Су тасқынына қарсы іс-шаралардың уақытылы және сапалы атқарылуына байланысты 2025 жылғы су тасқыны кезеңі қауіпсіз әрі шығынсыз аяқталды.Қазіргі таңда Сырдария өзені мұздан толықтай тазарды,- деді Руслан Сламбекұлы.
- Мереке күндері Полиция департаменті күшейтілген режимде жұмыс жасайтын болады. Жоспарланған іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жалпы 140 қызметкер мен 15 қызметтік автокөлік бөлінеді. Сонымен қатар қала орталығында көңіл көтеру орындарындағы қылмыстарға жол бермеу бағытында арнайы қызметкерлер бөлінеді. Бұл шаралар тек қана облыста емес, аудандарда да жүзеге асырылады, - деді Рауан Қырымұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі