Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына Руслан Қайрақбаев тағайындалған. Руслан Сламбекұлы 1981 жылы Қызылорда қаласында туған. Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша және Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген.

Жанмұрат Жеңісұлы 1973 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Газ, мұнай құбырлары мен газ-мұнай жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Батыс Қазақстан облысының 25 съезд совхозында жұмысшы болып бастап, 1997-2007 жылдар аралығында жеке секторда жұмыс жасаған. 2007-2014 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінде басшылық қызметтер атқарған. 2014 жылдан осы кезге дейін Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды.
Кездесуде аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Руслан Қайрақбаев пен Жанмұрат Балғабаевты жаңа қызметімен құттықтап, қос азаматтың өңірде төтенше жағдайлардың алдын алуда және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде белсенді жұмыс жасайтындарына сенім білдірді.
Өз кезегінде вице-министр Ибрагим Күлшімбаев Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі мен Қызылорда облыс әкімдігі төтенше жағдайлардың алдын алу, жою бағытында алдағы уақытта да бірлесе қызмет атқаратындығын жеткізді.


kyzylorda-news.kz