Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы тағайындалды

Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі №456 бұйрығына сәйкес, Нұрымбетов Сейілбек Серғазыұлы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.
Сейілбек Нұрымбетов 1983 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында туған.
2006 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Инженер-гидротехник» мамандығы және Қарағанды экономикалық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.
2018 жылы ҚР Президентінің Халықаралық «Болашақ» стипендиясы арқылы Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында «К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын» «Магистр» дәрежесінде үздік бітіріп шыққан.
Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығында басқармасында жетекші маман ретінде бастаған.
2010-2011 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетіне қарасты «Қызылорда су шаруашылығы» кәсіпорынында су пайдалану бөлімінің инженері қызметін атқарды.
2011-2018 жылдар ішінде Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы қызметтерін және 2018-2020 жылдары Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2020 жылдың сәуір айынан бастап, осы кезге дейін Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы қызметін атқарып келді.
syrboyi.kz
08 қыркүйек 2020 ж. 2 033 0