Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды

Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды

Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыс әкімінің өкімімен Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Қайратбек Әубәкірұлы 1961 жылы дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-гидротехник» және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист-бухгалтер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Сырдария суару жүйелері басқармасының инженері ретінде бастаған.

1999-2012 жылдары Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі, Сырдария аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2017 жылдары – Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы, Шиелі ауданының әкімі.

2017 жылдың қазан айынан бастап осы кезге дейін Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарып келді.
27 наурыз 2020 ж. 28 0