РУСЛАН ДӘЛЕНОВ - ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ

"Руслан Ерболатұлы Дәленов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын" делінген Елбасы жарлығында.
Руслан Ерболатұлы 1975 жылғы 8 ақпанда туған.
1999 жылы Стамбул қаласындағы (Түркия Республикасы) Мармара университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1999 жылдан 2002 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінде жетекші маман, бөлім бастығы, Басқарма бастығының орынбасары, Басқарма бастығы.
2002 жылғы наурыздан 2002 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кірістерді талдау және болжамдау департаментінің Талдау және болжамдау басқармасының бастығы.
2002 жылғы қыркүйектен 2003 жылғы мамырға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кірістер, конвенциялар және келісімшарттар департаментінің Ағымдағы кірістер басқармасының бастығы.
2003 жылғы мамырдан 2003 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Кірістерді талдау және ағымдағы болжамдау басқармасының бастығы.
2003 жылғы қыркүйектен 2005 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кірістерді талдау департаментінің директоры.
2005 – 2008 жылдары жеке секторда жұмыс істеген.
2008 жылғы наурыздан 2017 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.
2017 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметін атқарған.
Марапаттары:
«Ерен еңбегі үшін», ІІ дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одағын құруға қосқан үлесі үшін» медальдары, ҚР ҚМ «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі, «Астананың 10 жылдығы», «Казақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл».