Облыстық экология департаментінің басшысы тағайындалды⠀

Нұржан Өмірсерікұлы 1985 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің «Құқықтану»мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда қаласының қаржы бөлімінде есепші болып бастаған. 2006-2008 жылдары Қызылорда облыстық басқармасының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы. 2008 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі болды. 2011-2014 жылдары-Қызылорда облысы Тексеру комиссиясы ұйымдастыру-құқықтық басқармасының басшысы. 2014-2018 жылдары Сырдария ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы лауазымдарын атқарған.
⠀Бүгінгі күнге дейін «Shimkent «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.Жолдасов Зулфухар Нұржан Өмірсерікұлын тағайындалуымен құттықтап, өңірдің экологиялық проблемаларын шешуде табыс және жемісті жұмыс тіледі.
syrboyi.kz