Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мадина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды

Мадина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды

Бұған дейін Мадина Әбілқасымова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған еді.Бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтында хабарланған.
"Қазақстан Республикасы үкіметінің 2019 жылдың 12 наурызындағы № 96 қаулысымен Мадина Ерасылқызы Әбілқасымова ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Әбілқасымова бұдан бұрын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған еді. Қазір министрлікті бұрын Ақтөбе облысының әкімі болған Бердібек Сапарбаев басқарып отыр.

Мадина Әбілқасымова туралы не білеміз?

Мадина Әбілқасымова 1978 жылы 1 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы, 2003 жылы Колумбия университетінің магистратурасын "экономикалық саясатты басқару" мамандығы бойынша, ал 2011 жылы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебін (мемлекеттік басқару магистрі) тәмамдаған.
  • 1999-2001 жылдары – Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы;
  • 2003-2004 жылдары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы;
  • 2004-2006 жылдары – "Маркетингтік-талдамалы зерттеулер орталығы" АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры;
  • 2006-2008 жылдары – ҚР премьер-министрі кеңсесі әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
  • 2008-2011 жылдары – президент әкімшілігі стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары;
  • 2011-2013 жылдары – экономикалық даму және сауда вице-министрі;
  • 2012 жылдан бастап Дүнижүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары;
  • 2013-2014 жылдары – экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
  • 2014 жылдың тамызынан 2018 жылдың ақпанына дейін – ұлттық экономика вице-министрі;
  • 2018 жылдың 9 ақпанынан 2019 жылдың 25 ақпанына дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды.sputniknews.kz
12 наурыз 2019 ж. 1 563 0