Мәдина Әбілқасымова аналарға берілетін жәрдемақының өсетінін айтты

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, әр отбасының қажеттілігі жекелей қарастырылып жатқанын айтты. Министрдің сөзінше, бүгінде сырқаты болса емделуге, тұрмыстық мұқтаждықты шешуге, білім алуға жеңілдік жасауға бағытталған бағдарламалар талқыланып жатыр.
«Сан түрлі ұсыныстарды қарастырып, талдап жатырмыз. Бейсенбіден кейін қандай да бір нәтиже белгілі болады», – дейді Мәдина Әбілқасымова.