Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл тұрғындарына шағын несие алу жолдары қандай

Ауыл тұрғындарына шағын несие алу жолдары қандай

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының шағын несиені кеңейту жөніндегі төртінші әлеуметтік бастамасы аясында соңғы қарыз алушыларға микрокредитті жеткізу тетігі жасалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күні өңірлер бойынша қосымша бөлінетін қаражатты алдын ала бөлу жұмысын жүргіздік. Соңғы қарыз алушыға несие қаражатын тезірек жеткізу үшін ағымдағы жылдың соңына дейін алдында бөлінген қаражат бойынша үшжақты несиелік шарттарға қол қою және дереу шағын несие бере бастау қамтамасыз етіледі. Қосымша бөлінетін қаражат бойынша үшжақты кредиттік шарттарға қол қою ағымдағы жылғы сәуірдің соңына дейін қамтамасыз етіледі», - деді Мәдина Әбілқасымова. Осы ретте ол министрлік халықты шағын несиемен көбірек қамту үшін қала мен ауылдарда несие беру лимитін сараланған түрде қарастыруды ұсынып отырғандығын айтты. Бұған қатысты тиісті өзгерістер бағдарлама аясында жүзеге асырылатын болады.
«Соңғы қарыз алушыларға микрокредитті жеткізу тетігі жасалды. Қала мен моноқалаларда шағын несиелерді қорландыруды «Даму» қоры жүзеге асырады. Яғни, қаражат екінші деңгейлі банктер, микроқаржылық ұйымдар арқылы берілетін болады. Ал ауылдық елді мекендерде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жүргізілетін микроқаржылық ұйымдар және кредиттік серіктестіктер арқылы беріледі», - деді министр. Онң айтуынша, жеңілдік берілген шағын несие 5 жылға дейінгі, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы коперативтерін құру үшін шағын несие 7 жылға дейінгі мерзімге ұсынылады. «Сыйақының жылдық тиімді мөлшері 6 пайыздан аспайды. Жалпы ұсынылып отырған тетіктерді іске асыру үшін бағдарламаға, сонымен қатар ауылдық елді мекендер мен қалаларда шағын несие беру жөніндегі қағидаларға өзгерістер енгізілетін болады. Микрокредитке қосымша бөлінген қаражатты ескере отырып, бағдарламаның нысаналы индикаторлары нақтыланады»,- деді ол.
inform.kz
13 наурыз 2018 ж. 1 688 0