Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мергенсай ауылдық округінде кәсіпкерлік жүйелі дамуда

Мергенсай ауылдық округінде кәсіпкерлік жүйелі дамуда

Кәсіпкерлікті жүйелі түрде жолға қойған Мергенсай ауылдық округі, Тастүбек елді мекенінен 1 жеке кәсіпкер «Бизнес кеңесші» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негізін оқып, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» II бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы түйе малын өсіру үшін 3 млн теңге шағын несие алды. «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 1 адам оқуын аяқтап, бизнес жобасын қорғап, жыл соңына дейін ауыл орталығынан «Вулканизация» ашу үшін 2 млн теңге несие алуға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» құжаттарын толығымен тапсырды. «Құлан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Н. Имағамбетов жылқы малын асылдандыру мақсатында 2 млн теңге несие алды. Қысқа мерзімді кіші кеме жүргізушісі мамандығына аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 адам оқып, балық аулау жұмыстарына жіберілді. Жастар тәжірибесі арқылы 2 жас маман мектеп және бөбекжайға жіберіліп, оның ішінде 1 жас маман мектепке тұрақты жұмысқа қабылданды. Округ орталығы Жалаңаш ауылынан «Арал СДО сервистік орталығы» ЖШС балық қабылдау орталығын салуға 2000 шаршы метр жер алып, құрылыс жұмыстарын бастады.
15 ақпан 2018 ж. 1 935 0