Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Октябрь ауылдық округінде алға басу бар

Октябрь ауылдық округінде алға басу бар

Ауданға қарасты  іргелі ауылдардың бірі Октябрь ауылдық округі. Екі мыңнан аса тұрғыны бар бұл ауылда өткен жыл көлемінде шешімін тапқан мәселелер қатары көп. Әсіресе, тұрғындар үшін қиындық тудырып келген ауыс су мәселесінің оңынан шешілуі басты жаңалық болды.
Сондай-ақ, тіректі елді мекен саналатын бұл ауылда округ бойынша 4 азамат «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Бастау Бизнес» оқу курсын толық аяқтап, сертификат алды. Мал сою пунктін ашу жобасы бойынша «Шижаға 16» АӨК жұмыс жасауда. Шижаға ауылының шығыс бетінен 550 метр жерден аукцион арқылы 1000 шаршы метр жер алынды. Қызылорда облыстық «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы қаржы сұралып отыр. Болжам шығыстың көлемі 20 млн теңге. Сондай-ақ, «Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қорынан шаштараз ашу жобасы бойынша жеке кәсіпкер Г. Қожахметова 800 мың теңге, мал өсіру жобасы бойынша жеке кәсіпкер Л. Дабанова 1 млн. теңге және жеке кәсіпкер Е. Нұрбаев 2 500,0 мың теңге несие алып, жұмыстарын бастады. Халықты, оның ішінде, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекет үшін маңызы айқын «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жұмыс сұрап қабарласқандар саны-52 адам. Оның ішінде, 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Қалған 20 адамның төртеуі «Бастау бизнес» оқу курсымен оқытылды. Сондай-ақ, жастар тәжірибесіне 2 адам, әлеуметтік жұмысқа 9 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 5 адам тартылып, барлығы толықтай қанағаттандырылды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал басын асылдандыру бағыты бойынша бір шаруа қожалығы 1,8 млн теңге және «Арал ырысы» несие серіктестігінен екі жеке кәсіпкер мал басын көбейту мақсатында 15 млн. теңге несие алып, жұмыстарын жүргізді.  
15 ақпан 2018 ж. 1 555 0