БЕКБАУЫЛДА КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫП КЕЛЕДІ

Бекбауылда «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Гранттық қаржыландыру бойынша» барлығы 2 375 мың теңгені құрайтын 2 жоба ЖК Якудаев Серіктің «Бал араларын өсіру» жобасы1 275 мыңтеңгеге жәнеЖК Конысбаев Жеңісбектің «Ысталған балық өнімдерін өндіру» жобасы1 100 мың теңге қайтарымсыз грантты жеңіп алды. Сонымен қатар, БҰҰДБ-ның «Шағын бизнес-үлкен мүмкіндіктер» жобасы аясында «Бастаманы қолдау» қоғамдық бірлестігі арқылы жеке кәсіпкер «Әділов Ардақ» 1 млн. 500 мың теңге пайызсыз жеңілдетілген несие алып, нан өнімдерін өндіруде.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша дара кәсіпкер «У. Түрікпенов» мал басын көбейту мақсатында «Ауылшаруашылығын қолдау қорынан» 7,0 млн. теңге несие алып, кәсібін дамытуда.