Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрт құбыласы тең ауыл

Төрт құбыласы тең ауыл

Октябрь. Ауданға қарасты тағы бір іргелі ауылдардың бірі – Октябрь ауылдық округі. Екі мыңнан аса тұрғыны бар бұл ауылда өткен жыл көлемінде шешімін тапқан мәселелер қатары көп. Әсіресе, тұрғындар үшін қиындық тудырып келген ауыз су мәселесінің оң шешілуі басты жаңалық болды.
Сондай-ақ, тіректі елді мекен саналатын бұл ауылда округ бойынша 4 азамат «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» оқу курсын толық аяқтап, сертификат алды. Мал сою пунктін ашу жобасы бойынша «Шижаға 16» АӨК жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, «Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қорынан шаштараз ашу жобасы бойынша жеке кәсіпкер Г.Қожахметова 800 мың теңге, мал өсіру жобасы бойынша жеке кәсіпкер Л.Дабанова 1 млн. теңге және жеке кәсіпкер Е.Нұрбаев 2 500,0 мың теңге несие алып, жұмыстарын бастады. Халықты, оның ішінде, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекет үшін маңызы айқын «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жұмыс сұрап қабарласқандар саны-52 адам. Оның ішінде, 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Қалған 20 адамның төртеуі «Бастау бизнес» оқу курсымен оқытылды. Сондай-ақ, жастар тәжірибесіне 2 адам, әлеуметтік жұмысқа 9 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 5 адам тартылып, барлығы толықтай қанағаттандырылды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал басын асылдандыру бағыты бойынша бір шаруа қожалығы 1,8 млн теңге және «Арал ырысы» несие серіктестігінен екі жеке кәсіпкер мал басын көбейту мақсатында 15 млн. теңге несие алып, жұмыстарын жүргізді.
Есепті кездесу барысында учаскелік полиция инспекторы Қ.Аяпов баяндама жасап, қылмыстың алдын алу бағыныдағы бойына атқарылған профилактикалық жұмыстар мен қылмыстық ахуалды атап өтті. Одан кейін ауылдық округ әкімі Н.Жандәулетов басқа да округ көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндады.
Есепті кездесу одан әрі аудан әкімі М.Оразбаевтың баяндамасымен жалғасын тапты. Шижаға ауылының толықтай сумен қамтамасыз етілгендігіне аудан басшысы да өз қуанышын білдіріп, аудандағы ілкімді істермен тұрғындарды қанықтырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта жасалатын жұмыстар мен міндеттерді тілге тиек етті.
Округ жұртшылығы да кездесу барысында көкейлеріндегі сауалдарды ортаға салып, түнгі жарықтандыру жұмыстарының биыл да жалғасын тауып, Шижаға елді мекенінің бірнеше көшелерін қамтуды сұрады. Аудан басшысы бұл сұрақтардың шешімін табатынын айтып, жауапты бөлімге тапсырма берді.

Оңталап ЖОЛДАСОВ.
30 қаңтар 2018 ж. 1 664 1

Lesestala от 16 маусым 2019 01:05
Comprare Cialis Originale Italia Keflex Out Of Refrigerator cialis without a doctor's prescription Cialis Shipped From Canada Buy Tadacip Dapoxetine Critique