Сырдария деңгейі бақыланды

Дария деңгейін бақылау, мониторинг жұмысы барысында өзенде ұстасқан мұздың қалыңдығы мен судың келу деңгейі қоса сарапқа салынуда. Қазіргі таңда сең Шиелі ауданы Қызылқайың елді мекенінің тұсында, Қызылорда су торабынан жоғары 190 шақырымда ұстасып тұр.
Бүгінгі таңда мұз қабатының еруі, жұқаруы және қалыңдығы 10-20 сантиметр екендігі анықталды.
Осы ретте мониторинг жұмыстарымен қатар азаматтық қорғау мамандары елді мекендерде су басу қаупі туындаған жағдайда атқарылуы қажет қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, тұрғындарға ескерту хаттары мен үнпарақтарды таратуда.
Индира ОМАРҚЫЗЫ,
Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің
аға инженері азаматтық қорғау майоры