Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сырдария өзенінде мұз кептеліп, су деңгейі көтеріледі

Сырдария өзенінде мұз кептеліп, су деңгейі көтеріледі

  syr-media.kz «Қазгидромет» РМК-ның Гидрология департаменті 23-25 қаңтар аралығындағы ауа райына байланысты ескерту жариялады.
«23-25 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының өзендерінде, сондай-ақ Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде ауа температурасының жылынуына байланысты (мұз қабаттарының жұқаруы, өзендерде сеңнің тоқтауы) мұз кептеліп, су деңгейі көтерілуі мүмкін», - деп хабарлайды ведомство.
Кептеліс – бұл өзен арнасында оның ағысын шектейтін мұздың жиналуы. Әдетте мұз кептелісі мен сеңнің тоқтауы салдарынан су деңгейі көтеріліп тасиды.
Осыған қарай ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өңір азаматтарынан аталған күндері барынша қырағылық танытуды, төтенше жағдай болған сәтте 112 құтқару қызметінің бірыңғай нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.
«Азаматтық қорғаныс бөлімшелері толық дайындыққа келтірілді. Өзендерді гидрологиялық ахуалға мониторинг күшейтілді», - делінген комитет ақпаратында.

24 қаңтар 2020 ж. 778 0