Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің барлық дерлік облысында дабылды ескерту жарияланды

Еліміздің барлық дерлік облысында дабылды ескерту жарияланды

Бірқатар облыста ауа температурасының жоғарылап, жауын-шашынның түсуіне байланысты өзендерде су деңгейі көтеріліп, арнасынан шығады
АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Қазгидромет еліміздің он бір облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 
9-13 сәуірде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарындағы өзендерде ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашынға байланысты қар қарқынды еріп, су деңгейі көтеріледі және су арнасынан шығады. 
"9-13 сәуірде Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде жылы ауа температурасының сақталуы мен жауын-шашынға байланысты ағынның ары қарай қалыптасуы, мұз кептелістері, су деңгейінің көтерілуі, судың жайылуы және су басу болжанып отыр. 9-11 сәуірде Алматы, Жамбыл облыстарындағы өзендерде және Алматы қаласында жаңбыр жауып, кей жерлерде ағын су қалыптасып, су деңгейі көтеріледі және су басады",  — делінген хабарламада. 
8-9 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады, сондай-ақ тұман түседі. 
8 сәуірде Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді, кей жерлерде тұман болжанады.
Орал қаласында 8 сәуірде күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. 

sputniknews.kz
08 сәуір 2018 ж. 1 527 0