Дабылды ескерту: еліміздің оңтүстігінде үсік жүреді

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында үсік жүреді, деп хабарлайды Қазгидромет.
"8 сәүірде Қызылорда, 10 сәүірде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 2 градус үсік болады", — деп жазылған хабарламада.
Синоптиктер дабылды ескертудің ықтималдылығын 90-95 % шамасында болжап отыр.
sputniknews.kz