Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, түнде тұман, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, түнде көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерде тұман түсіп, Алматы облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.