Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің екпіні таңертен және күндіз 15-20 м/с соғады.Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертен тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
inform.kz
inform.kz