Тасқынға жасалар тосқауыл тиісті деңгейде

-Қазіргі уақытта ауданға қарасты Аманөткел елді мекені тұсындағы Сырдария өзенінің қоғаныс дамбысы көп жағдайда жергілікті мамандарды алаңдататын. Бүгінде көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында ақпан айынң басында аталған елді мекен жанындағы Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстары жүргізілген. Мониторинг жұмыстары нәтижесінде Арал ауданы, Аманөткел елді-мекенінің тұсындағы Сырдария өзенінің қорғаныс дамбыларының осал жерлеріне ақау актісі жасалып, жергілікті атқарушы органға ұсынылды. Бүгінде бұл маңда жергілікті атқарушы билік тарапынан бақылауда тұр. Тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілді. Атап айтқанда, қорғаныс бөгетінің осал жерлері (жалпыұзындығы-530 метр, ен-5 метр, биіктігі-50-90 см) «КА-АСУ-ИНВЕСТ» ЖШС-нен 6 арнайы техника (2 погрузчик, 4 камаз), 9 қызметкер жұмылдырылып, топырақпен көтеріліп, нығайтылды. Осы тұста айта кетерлік жағдай, монитоинг жұмыстары нәтижесінде Арал ауданы аумағындағы Сырдария өзенінің төменгі бетінде мұз қату салдарынан, дарияның жоғарғы жағында Жетес би ауылдық округ аумағындағы «Советжарма» каналы арқылы мол су өтіп, «Райым», «Жыңғылды», «Қаязды», «Жәнбике», «Қулы», «Лайкөл», «Қамыстыбас» көлдер жүйесінің су деңгейі көтерілгендігі анықталды. Қазіргі таңда жоспарлы жұмыс бойынша автожолдың эксплуатациясына жауапты «Стандарт СТЗ» ЖШС-нен 5 арнайы техника, 7 қызметкер (1 погрузчик, 1 экскаватор және 3 камаз) жұмылдырылып, авожолдың 1-ші қапталының 1500 метр жол жиегі толығымен және 2-ші қапталының 1000 метр жол жиегі құммен көтеріліп, күшейту жұмыстары жалғасуда. Көлдер жүйесінің су деңгейі күнделікті «Аманөткел а/о әкімінің аппараты» КММ қызметкерлерімен бақылануда. Орын алған жағдайға сол маңдағы елді-мекен тұрғындарына қауіп жоқ-дейді Аманөткел ауылдық округі әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі статист маманы Р.Әлімжанов.
Жалпы, орын алатын төтенше жағдайлардың қай-қайссы да айтып келмесі анық. Тек оның алдын алу жұмыстарын дер кезінде қолға алсақ, кейін бармақ тістеп, сан ұрмасымыз анық. Сол үшін жергілікті жерде жасалуы тиіс жұмыстар уақытылы қолға алынса дейіміз.
А.Бисенов.