ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМНЫҢ НАЗАРЫНА

Аталған бұйрық Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінің сайтында(http://zan.gov.kz) жарияланған. Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары хатқа қосымша ретінде ұсынылады.
Қазіргі уақытта ҮЕҰ дерекқоры веб-порталында (infonpo.kz) мәліметтерді ұсынудың жаңа нысанына сәйкестендіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, Сіздерді мәліметтерді веб-портал арқылы ағымдағы жылғы 15 қаңтардан бастап ұсынуды сұраймыз.
Сондай-ақ Сіз толтырылған нысандарды (кестелер) қағаз түрінде ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне (010000, Астана қ., Мәңгілік Ел д., «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс) жолдай аласыз.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына сәйкес ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді 2018 жылғы 31 наурызға дейін ұсыну қажет екенін еске саламыз.
Сұрақтар болған жағдайда 8(7172) 74-04-20, 64-25-24 нөмірлері арқылы немесе support@infonpo.kz электрондық мекенжайы арқылы хабарласуға болады.
«Арал аудандық ішкі саясат бөлімі» КММ.