Абай болыңыздар, шетелден әкелінетін кептірілген құрмадан қауіпті ішек инфекциялары табылды. Одан бөлек, сауда орындарында жұмақ жемісінің бағасы да қымбаттаған. Оған не түрткі? Жалпы Рамазан айында жұрт аса көп тұтынатын құрмадан қауіптенетіндей себеп бар ма? Рамазан айы басталысымен құрма саудасы қыза түсетіні белгілі. Тіпті, бұған дейін 300-400 теңгеге саудаланған жұмақ жемістің құны әп-сәтте шарықтаған. Мәселен, шетелден келгені кемі 5000 теңгеден саудалануда, деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".