Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаға массаж жасау зиян: Дәрігер балаға қандай жағдайда массаж жасау керек екенін айтты

Балаға массаж жасау зиян: Дәрігер балаға қандай жағдайда массаж жасау керек екенін айтты

Невропатолог, балалар дәрігері Қайырғали Қонаев сәбиге массаж жасаудың кейбір зиянды тұсына тоқталды. Балаға қандай жағдайда массаж жасауға болатынын түсіндіріп берді.

Дәрігер Қайырғали Қонаевтың айтуынша, ерте жастан балаға массаж жасаудың соңы қайғылы аяқталуы мүмкін. Аналар баласына массаж жасау керек деп ойлайды. Көп жағдайда өздері массаж жасайды. Не кез келген массажист маманға сене береді. Уқалау кезінде сәбидің сүйектері мен өзге де ағза мүшелері жарақаттануы мүмкін. 
Дәрігер өзі көзімен көрген оқиғаны айта кетті. 
"Елордада 2008 жылы 6 айлық бала массаждан соң қатты ауырды. Анасы дені сау баланы массажистке алып барады. Маман баланың мойнын уқалап жатқанда аздаған сықыр естіледі. Осыдан соң бала бақырып жылайды. Массаж жасаушы балаға енді массаж керек емес деп шығарып салады. Ол кетісімен баланың аяғы істемей, кейін қолын көтере алмай қалады. Ақырында ауруханаға түсіп, аппаратпен тыныс алып екі ай уақыт жатты", - дейді дәрігер. 
Әйелдер бала отыру үшін, тез жүріп кетуі үшін массаж жасауы керек деп ойлайды. Маман бұлшықет тондық өзгерістер, қозғалыстың бұзылуы,  спастикалық/флакцитті сал ауры жағдайында балаға масаж жасау керек екенін айтты. 
Ал, дене температурасы артқанда, ЖРВИ-мен, іріңді процестермен, конвульсиямен ауырғанда, қан кету жағдайы бар кезде, диатеза және терінің көріністері бар басқа да аллергиялық реакциялар кезінде массаж жасауға болмайтынын ескертті.

http://stan.kz  

06 маусым 2019 ж. 2 224 0