Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамин: 2021 жылы қағаз анықтамаларды толығымен алып тастау керек

Мамин: 2021 жылы қағаз анықтамаларды толығымен алып тастау керек

Үкімет басшысы Асқар Мамин 2021 жылы қағаз анықтамаларды толығымен алып тастауды тапсырды. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру мәселелері қаралды.
Қаралған тиімді шаралардың бірі Blockchain технологиясын енгізу болды, бұл мемлекеттік қызметтерді көрсету уақытын едәуір қысқартады және деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігін болдырмайды.
ҚР Мемлекеттік қызметтер тізілімінде 698 мемлекеттік қызмет түрі қарастырылған, олардың 85,5%-ы онлайн-режимде көрсетіледі. Осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 90%-ға дейін жеткізіледі.
Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді eGov mobile-ға ауыстыру жоспарын бекіту тапсырылды.
"Халыққа жұмыстың нақты нәтижелері қажет. 2021 жылы "қағаз" анықтамалардың қажеттілігін толығымен жойып, Азаматтарға арналған үкімет корпорациясынан қызметтерді жеткізуді қамтамасыз етіп, барлық онлайн қызметтер мен сервистердің қолжетімділігін 100%-ға дейін арттыруымыз керек", - деді Мамин.
Қазақстанда 2021 жылға арналған АЕК, ең төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшері жоспарланды
Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы көтеріледі
stan.kz

17 қараша 2020 ж. 468 0