Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Басқа қағида болады". Министр білім беру саласындағы өзгерістерді айтты

"Басқа қағида болады". Министр білім беру саласындағы өзгерістерді айтты

Аймағамбетов парламент сенатының жалпы отырысында студенттер колледжді өздері таңдайтынын, соған сәйкес гранттар бөлінетінін хабарлады.
Депутат Алтынбек Нухұлы білім және ғылым министрінен бюджет қаражатын тиімсіз жұмсалмау үшін қандай шаралар жасалынып жатқанын сұрады.
– Тәуекелдердің (қаражат тиімсіз жұмсалмау үшін – ред) алдын алу үшін тиісті жұмыстарды жүргізудеміз. Бірінші, күні кеше мәжіліс депутаттары отырыста білім туралы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Осы заң жобасында тәуекелдерді алдын алу бойынша нақты бір норма бекітілді. Білім және ғылым министрлігі осы мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша қағиданы немесе методикасын бекіту бойынша жаңа құзіреттілік алды. Енді осы заң бекітілгеннен кейін "Атамекен" палатасымен, еңбек министрлігімен қоса, басқа да әріптестермен бірге осы әдістерді бекітетін боламыз, – деді министр.
Аймағамбетов колледжге бөлінетін грантта өзгерістер болатынын айтты.
– Екінші маңызды мәселе – колледждердің арасында мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру. Қазіргі уақытта жыл сайын білім басқармалары конкурс өткізеді. Соның нәтижесінде әр колледжге неше грант алатынын бөліп береді. Бұл тетік толығымен өзгереді. Енді басқа қағида болады. Бұл қағида – "Ақша студентпен бірге жүреді" қағидасы. Енді студенттер колледждерді өздері таңдайды. Гранттар сол колледждерге баратын болады. Бұл бәсекелестікті арттырады. Сапаға да әсерін тигізеді. Сол себепті осы да, басқа да бағыттар бойынша жұмыс жүргіземіз, – деді 
qamshy.kz
19 қараша 2020 ж. 551 0