Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстаннан 5 боксшы IBF рейтингінде үздіктер қатарына енді

Қазақстаннан 5 боксшы IBF рейтингінде үздіктер қатарына енді

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы үздік боксшылардың жаңаланған рейтингін жариялады, – деп жазады «ҚазАқпарат».

Үздік 15 спортшының қатарына Қазақстанның бірден 5 боксшысы енді.

Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) – орта салмақтағы IBF чемпионы болса, 10-орында – Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО), 11-орында – Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО).
 
Ал 13-сатыда – Анатолий Муратов (22-2-1, 15 КО).

Ол Германия атынан өнер көрсетіп жүргенімен, IBF сайтында ол Қазақстан азаматы деп көрсетілген. Ол Талдықорғанда туған.

Рейтингтің 14-орнында Қанат Ислам (27-0, 21 КО) тұр.

aikyn.kz
 

04 желтоқсан 2020 ж. 470 0