Футболдан Қазақстан чемпионатының үздік қорғаушысы анықталды

Осы Премьер-лиганың үздік қорғаушысының есімі белгілі болды. «Респонденттердің назарына үздік бес үміткерден тұратын тізім ұсынылды. Әр респондент үш үміткерді атайды. Бірінші орын – үш ұпай, екінші орын–- екі ұпай, үшінші – бір ұпай. Барлық ұпайды санау арқылы сауалнама қорытындыланады.
«OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік қорғаушысы» номинациясында алматылық «Қайраттың» ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев бірінші орынға ие болды», делінген лиганың баспасөз хабарламасында. Сонымен ел біріншілігіндегі үздік қорғаушылардың рейтингі төмендегідей: 1. Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат») – 74 ұпай; 2. Нұралы Әліп («Қайрат») – 56 ұпай; 3. Сергей Малый («Тобыл») – 30 ұпай; 4. Раде Дугалич («Қайрат») – 21 ұпай; 5. Ілияс Әмірсеитов («Қайсар») – 17 ұпай.
www.inform.kz