Асқар Мәмин кетті...

Алматы, NEGE. Үкімет қаулысымен премьер-министр Асқар Мәмин «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды. Мәминмен бірге Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Тимур Сүлейменов те кеңестен шығарылған.
Қордың Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі – бұрынғы Энергетика министрі, Президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев.
Ұлттық қор директорлар кеңесінің құрамы төмендегідей:
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Президенттің көмекшісі;
Ахметжан Смағұлұлы Есімов – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ басқарма төрағасы;
Ричард Эванс – тәуелсіз директор;
Альпер Акдениз – тәуелсіз директор;
Бендер Вильгельм – тәуелсіз директор.