Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Халықтың жалпы саны 18 миллион 962 мың 892 адамға жетті. Жыл басында бұл көрсеткіш 18 миллион 879 мың 552 адам болған. Халықтың өсімі 83340 адамды құрады.

Халық санынын аймақтар бойынша бірінші орынды Алматы облысы тұр. Мұнда 2 миллион 86 мың 387 адам тұрады. Түркістан облысының тұрғындарының саны 2 миллион 52 мың 484 адамды құрайды. Алматыда 1 мамырдағы жағдай бойынша 1 миллион 993 мың 67 адам бар. Төртінші орында 1 миллион 376 мың 101 тұрғыны бар Қарағанды облысы. Шығыс Қазақстан облысында 1 миллион 362 мың 583 тұрғын бар.

Төрт айда Нұр-Сұлтан тұрғындарының саны 14 мың 672 адамға артқанын ескеріңіз. 1 мамырдағы елорда тұрғындарының жалпы саны 1 миллион 199 мың 83 адамды құрады.

Халық санының өсуі Алматы (+15 809 адам), Шымкент (+15 694) және Нұр-Сұлтан (+14 672) қалаларында байқалған.

Солтүстік Қазақстан облысында қайтыс болғандар саны туылғандар санынан 407 адамға артық. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысының халқы 2021 жылдың төрт айында 1 536 адамға азайды.

Қостанай облысының халқы да 1374 адамға азайды.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының саны 1 214-ке азайды.

Қазақстанның ауыл тұрғындарының саны 1 мамырдағы жағдай бойынша 7 миллион 741 мың 832 адамды құрады.

Елдегі қала тұрғындарының саны 11 миллион 221 мың 60 адамды құрайды.

kyzylorda-news.kz
04 маусым 2021 ж. 555 0