Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сексеуіл кентінде Президент тапсырмасымен салынған мектеп ашылды (Фото)

Сексеуіл кентінде Президент тапсырмасымен салынған мектеп ашылды (Фото)

Қызылорда облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Арал ауданының Сексеуіл кентіндегі 400-ден астам оқушы енді 15 қатар шойын жолдан өтіп, білім ошағына қатынау тауқіметінен біржола құтылды. Жергілікті тұрғындар осылайша елді мекендегі мектеп тапшылығы мәселесі шешілді деп қуанып отыр.


Тақырыпты тілшіміз тарқатып айтып берсін Нұрлан Жақыпбеков, тілші:
– Сексеуіл кентіндегі 3 мектепте 2 мың 700-дей оқушы білім алады. Сол білім ұяларының екеуінде орын тапшы еді. Бұл оқу ошақтары темір жолдың тек бір жақ бетінде орналасты. Сондықтанда 400-ден астам оқушы қаз-қатар жатқан 15 рельсті қиып өтіп, мектепке қатынауға мәжбүр болды.
Жанар Әзизова – 6 баланың анасы. Оның бесеуі мектепке барады. Мектеп мәселесі бұл отбасын да көптен бері толғандырып жүр екен.
Жанар Әзизова, Сексеуіл кентінің тұрғыны:
– Осы мектепте 5 балам оқиды. Бізге 15 жолдан өту қиын болған. Балаларымызды сабаққа жіберер кезде уайымдап, толғанып отыратын едік. Сондықтан мектептің ашылғанына өте қуаныштымын. Осы мектептің табалдырығын егіз балаларым аттағалы тұр. Қуаныштымын. Екі қабатты мектеп 300 оқушыға шақталған. Асхана, кітапхана, спорт залы мен сыныптары толық жабдықталған. Жаңа мектепке бүгін 442 бала қабылданса, оның 41-і бірінші сыныпқа келді. Санитарлық талаптар ескеріле отырып, алғашқы сабақ та басталып кетті. Осылайша, оқушылардың қауіпсіздігімен қатар, Сексеуіл мектебіндегі орын тапшылығы мәселесі де шешімін тауып отыр. Жалпы, облыста жыл сайын оқушылар санының артуы байқалады. Сондықтан мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында жаңа мектептер қатарын көбейту жоспарланған дейді мамандар.
Ақзира Қасымова, облыстық білім басқармасының басшысы:
– 5 жылда мемлекеттік және жеке 28 мектеп қосымша салынатын болады. Бұл біздің балаларымыздың өсу динамикасына байланысты. Мысалы, биыл 7004 бала 11-сынып бітірсе, оның орнына 18 мың 279 бала келіп тұр. Яғни бізде балалардың өсімі бар. Айта кетейік, өңірде жыл соңына дейін 300 және 600 орындық екі мектептің құрылысын аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ алдағы 2 жылда 3 апатты мектеп жаңаланбақ.
Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Айтмұхаммед Байділдаев











24.kz
02 қыркүйек 2021 ж. 630 0